Бұл жайтты eKaraganda.kz желілік басылымына жәбірленушінің анасы айтып берді.
4 маусымда ұлым вокзалда 40-автобусқа отырған. Әуежайға бару керек еді. Салонға кіріп, бос орынға оытрған. Орынның дымқыл екенін сезіп, бірден орнынан тұрыпты, – дейді күйік шалған баланың анасы.
Оның айтуынша, ұлы кондукторға отыратын жер дымқыл екенін айтқан, бірақ ол жауап қатпапты. Кейін кондуктор орындыққа «энергетикалық сусын төгілген болуы мүмкін» деді.
Айдалада келе жатса, қайда шығады? «Неге айтпадың?» деп сұрадым? Ол: «Бүкіл автобусқа күйіп барады деп айқайламаймын ғой», деп жауап берді. Ол – тәрбиелі бала, спортшы, ММА чемпионы, – дейді келіншек.
Анасының айтуынша, шалбар мен іш киімдегі матаға күйдіргіш зат сіңіп, теріге жабысып қалған. Ұлы алдымен қатты ашығанын, кейін ауырғанын айтыпты. Ол басқа адамдарға жаңағы орындыққа отырмауын ескерту үшін соңғы аялдамаға дейін барыпты.
Жігіт үйінен ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер 3-дәрежелі химиялық күйік деген диагноз қойды.
Науқас бөлімшеге (күйік. – ред.) түсті, диагнозы – бөксенің 3 А, В дәрежелі химиялық күйігі. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты. Консервативті ем қабылдайды. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Қарағандылық әйел « бастапқыда ешкімге шағымданғысы келмегенін, ұлы қарсы болғанын» атап өтті.
Алайда автобус жүргізушісімен сөйлескеннен кейін мен оларды сотқа беруге шешім қабылдадым, – дейді әйел.
Ол полицияға арыз жазды.
Бұл жағдайға қатысты №3 автопарк мамандары түсініктеме берді. Олардың айтуынша, сол күні бейнетіргегіш істемей тұрыпты, дегенмен химиялық зат төгілді деген орындықтың видеосы бар.
Жағдай түсініксіз. Полиция мен сотта анықтауға тура келеді, – деді автопарк қызметкері.
Қарағанды облысының полиция департаменті Zakon.kz тілшісіне «бұл дерек полицияда тіркелгенін» хабарлады.
Қазіргі уақытта оның денсаулығына келтірілген зиянның дәрежесін анықтау мақсатында сараптама тағайындалды. Процессуалдық шешім сараптама қорытындысы бойынша қабылданады. Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі