Ерекше қамқорлық: Павлодарда өлейін деп жатқан күшікті ҚАЖ қызметкері асырап алды

Сурет: polisia.kz
Әбден титықтаған итті Торайғыров көшесіндегі үйдің ауласынан зооволонтерлар тапты. Оқиға көктемде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауладан жағдайы ауыр екі күшікті тауып алдық. Жергілікті тұрғындар олардың бірі үш күн жатып қалғанын, өлейін деп жатқанын айтты. Олардың бірінде ісік болды, үлкен томпақ, кейін оның жарық (грыжа) екені белгілі болды. Ветеринарлық клиникада оған шұғыл ота жасалды, содан соң уақытша орынға қабылданды. Ол тез сауығып кетті, - деді Зооволонтер Мария Гребенкина.

ҚАЖ қызметкерлері де бұл жайтқа көңіл бөліп, ниет танытты.

Бірінші рет келгенде, үнемі көмектесіп тұрамыз деп шештік. Ата-анаммен сөйлестім, оларға күшік керек екен. Олар жеке үйде тұрады. Содан оны бұл арада алып кету туралы шешім қабылдадым, - дейді АП-162/4 мекемесінің қызметкері Қуаныш Қайырбаев.

Сурет: polisia.kz

Ота жасатқан күшікті Қайырбаев Ақтөс деп атады.

Уақытша орында 40-тан астам ит бар. Оларға тамақ жағынан павлодарлықтар көмектесіп тұрады.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді