Әлеуметтік дүкендегі топалаң. Таразда екі сатушы шұғыл ауруханаға жеткізілді

Сурет: Zakon.kz
«Тараз» ӘКК аймақтық тұрақтандыру қорын басқару секторының қызметкерлері бірден тұрғын үй кешеніне келіп, оқиғаның мән-жайын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Тараз» ӘКК баспасөз қызметкері Кирилл Бердецкий оқыс оқиғаның Арай-2 ықшам ауданындағы павильонда орын алғанын айтты, делінген ҚазАқпарат хабарламасында.

«103» пультіне қаладағы дүкендердің бірінде төбелес болып жатқаны туралы бірнеше рет қоңырау түсті. Белгілі болғандай, сатып алушылар дүкен жұмысшыларына шабуыл жасап, жұдырық ала жүгірген. Олардың қатарында жүкті әйел де бар. Барлығына шұғыл көмек көрсетілді. Жамбыл жедел жәрдем станциясының аға фельдшері Бақытжан Ережепов

«Тараз» ӘКК аймақтық тұрақтандыру қорын басқару секторының қызметкерлері бірден тұрғын үй кешеніне келіп, оқиғаның мән-жайын анықтады.

Анықталғандай, қанттың таусылғанына сенбеген ашулы 70-тей адам дүкенге баса-көктеп кіріп, қызметкерлердің бірін итеріп, жерге құлатып жіберген. Екіншісінің қолын бұрап күш көрсеткен. Мұны көрген дүкен сатушыларының бірінің жағдайы нашарлап, жедел жәрдемге жүгінген.

Айта кету керек, аталған оқиға бойынша полицияға өтініштер, хабарламалар және қандай да бір шағымдар түспеген. Полицейлер оқиға орнында болған тұрғындарға алдын-алу шаралары мен түсініктеме жұмыстарын жүргізді.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі