Абайла, алаяқ! Белгілі компаниялардың атын жамылып алдайтындар көбейді

Сурет: pixabay
Қаржылық мониторинг агенттігі интернетте жалған қаржы компанияларының жалған ақпарат тарату фактілері көбейгенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәлімдеуінше, жоғары және пассивті кірістілікке уәде беретін жалған қаржы компаниялары «Қазмұнайгаз», «Теңізшевройл» мұнай компаниялары, «Бәйтерек Инвест» мемлекеттік цифрлық платформасы, және «Kaspi bank» сияқты ірі жобаларға ақша салуды ұсынады.

Азаматтарды сендіру үшін алаяқтар белгілі компаниялар мен банктердің, ақпараттық порталдардың логотиптерін пайдаланады, сонымен қатар белгілі тұлғаларды қатысушы ретінде көрсетеді. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Мамандардың айтуынша, мұндай жарнамалардың барлығы жалған, шындыққа жанаспайды және онда қаржылық пирамиданың белгілері бар.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан азаматтарын мұндай ақпаратқа сенбеуге шақырады. Әрбір ұйымды Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігінің тізімінен және басқа уәкілетті органдар арқылы тексеру қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай