Ақтөбеде адамдар мінген әткеншек отқа оранды

Сурет: pixabay
Ақтөбеде төтенше жағдай орын алды. Демалыс саябағында әткеншек өртенді. Әкімші аттракционды іске қосқаннан кейін от шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақытымызға орай, әткеншекті бірден тоқтату мүмкін болды. Ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Біз жерге секіруге дайын болдық, бірақ күте тұрайық деп шештік, біраз ауада ілініп тұрдық. Бұлай болғаны, өте өкінішті. Көп адам үшін әткеншек балалық шақтың бір бөлігі, ал мынау ескі, мұны қала әкімшілігі, әкімдік көзге іліп, оны жөндейді деп үміттенеміз! Қала тұрғыны Кристина

Қазір аттракцион жұмыс істеп тұрған жоқ. Қала әкімдігіндегілер саябақ қожайынымен соттасып жатқандарына көп болғанын айтады. Бұл жер заң бойынша мемлекетке тиесілі, бірақ кәсіпкер шенеуніктерді бұл аумаққа кіргізбейді.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды