Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, Қарағанды облысына қарасты Белағаш орман шаруашылығы аумағындағы өрт 22 маусымда сағат 22:13-те жойылды.
Ведомсвто өрттің жалпы аумағы 101,5 га болғанын хабарлады.
Өртті сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД, ҚР ТЖМ 52859 ә/б, өртке қарсы ерікті құралымдардың орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдарының күштері жұмылдырылды.Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ал 21 маусымда Егіндібұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым жерде шыққан өрт әлі сөндіріліп жатыр.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті мен орман шаруашылығы күштері жұмылдырылды. Бұталар мен шөптер бықсып жатыр.Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Төтеншеліктердің мәлімдеуінше, 22 маусымда шыққан өрттің екінші ошағының ауданы шамамен 500 гектарға жетті.
Өртті сөндіруге барлығы 182 адам, 30 бірлік техника жұмылдырылды. ТЖМ тікұшақтарымен жанып жатқан учаскелерге су шашып жатыр. Тікұшақтар өрт ошақтарына 42 рет су шашты.Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Департамент өкілдері өртті сөндіруге су қоймаларының алыстығы мен жел екіпіні кедергі келтіріп жатқанын мәлімдеді.