«Жайық жарығы» ЖШС директоры сотталды

Сурет: Zakon.kz
ҚМА Атырау облысы бойынша департаменті «Жайық жарығы»"ЖШС директорына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Сот үкімімен серіктестік басшысы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2019 жылы ЖШС басшысы Атырау облысы Құлсары қаласының аумағын жарықтандыру үшін 150 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу бойынша тендердің жеңімпазы болды. Алайда ол заңнама талаптарын және мемлекеттік сатып алу туралы шартпен алынған міндеттерді бұзып, рәсімделген құжаттарда көрсетілген жарық шамдарды орнатудың орнына, арзан, нашар сападағы жарық шамдарға ауыстырып, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленген.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, Серктестік басшысы бұл әрекетімен мемлекеттік бюджетке 4 млн теңгеден астам залал келтірген.

Сот үкімен аталған серіктестік басшысы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

ҚК-нің 63-бабының негізінде тағайындалған жаза шартты деп есептеледі.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қызметкер жұмысқа кешіксе жұмыс беруші айыппұл сала ала ма

Екі облыста қар жауып, жол тайғақ болады: 2 қарашаға арналған ауа-райы болжамы