Өзбекстандағы наразылық акциялары: Қарақалпақтар егемендігін жоюға қарсы шықты

Сурет: видеодан алынды
Қарақалпақстан Өзбекстан құрамына кіреді. Ел Конституциясына енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес, Қарақалпақстан қазіргі бекітілген егемендігі мен Өзбекстаннан шығу құқығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы сипаттағы түзетулерді елдің басты Заңының 70-75 баптарына енгізу ұсынылды, деп жазады Ateo Breaking.

Елдің бірқатар қалалары мен ауылындағы қарақалпақтар видео үндеу жариялап, ұсынылып жатқан өзгерістермен келіспейтіндіктерін білдіргені нақтыланады. Сонымен қатар, жергілікті билік бірнеше оппозиция белсендісін, журналистер мен блогерлерді қамауға алған. Алайда наразылықтар басылмай, олардың бір бөлігі босатылды.

Қарақалпақстанның егемендігі туралы Декларация 1990 жылы қабылданды. 1993 жылдың басында Қарақалпақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының құрамына кіретінді нақтылайтын мемлекетаралық шартқа қол қойылды. Автономия территориясы ел аумағының үштен бір бөлігінен асады, бірақ мұнда екі миллионға жуық адам тұрады. Қарақалпақстан пайдалы қазбаларға бай.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді