Алматы облысында автобус жол жиегіне шығып кетті

Сурет: freepik
3 шілде күні кешке Алматы – Жандосов – Бесмойнақ тас жолында автобус пен жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты болды. Облыстық полиция зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала анықталғандай, жолдың 26-шақырымында Honda Accord автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, ЛиАЗ маркалы автобусқа соғылған. Алматы облысы ДП баспасөз қызметі

Жүргізушілер мен жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ.

Бұл факті бойынша жолаушылар көлігінің жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру: жаңа ережелер

Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады