Қостанай облысында жол апатынан екі жасар баласымен бірге әйел адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Дүзбай ауылының маңындағы Қостанай – Әулиекөл – Сурган тас жолында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Апат кезінде екі жасар қыз бала қаза тапты. 1994 жылғы марқұм қыздың анасы мен 2013 жылғы туған ағасы ауруханаға жатқызылды. Әйел алған ауыр жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Орталық аудандық аурухананың жансақтау бөлімінен бала санавиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Травматологтар мен хирургтар үш сағат ота жасады. Бала жан сақтау бөлімінде. Оның жағдайы ауыр, деп хабарлады "Лада" порталы Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаеваға сілтеме жасап.

Жылқыбаеваның мәліметінше, жол апатынан 1989, 1994 жылғы тағы екі ер адам және 1986 жылғы тағы бір әйел адам зардап шекті. Олар Әулиекөл аудандық ауруханасының травматология бөлімінде жатыр.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді