Желіде рейдерлік шабуылдан зардап шеккендердің видеосы пайда болды

Сурет: видеодан алынды
Кәсіпкер Алмаз Әбдіғаппаровтың отбасы жақында Алматы мен Алматы облысында бірнеше рейдерлік шабуыл жасады деген күдікпен ұсталған бір топ адам өздерін "өлтіреміз" деп қорқытқандарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін біздің Әбдіғаппаровтар отбасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына зор ризашылығымызды білдіріп, үндеу жолдаймыз. Қаржы мониторингі агенттігі, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті біздің өтініш-арыздарымызды елеусіз қалдырмай, нағыз қылмыскерлерді ұстады. Олар - қылмыскерлер. Біздің де үйге баса-көктеп келген. Үлкен жасымызға қарамастан бізге де қоқан-лоқы көрсетіп, қауіп төндірді. Мұның тек бастамасы ғана екенін жақсы түсінеміз, бірақ істің оң шешім табатындығына үлкен сенім артамыз, - деді кәсіпкердің анасы Қазақстан Президентіне қарата айтқан сөзінде.

Жапа шегушілердің айтуынша, қоқан-лоқы, қысым көрсету кезінде отбасы өз компаниясындағы үлесін күдіктілердің атына жазып берген. Сондай-ақ, олар аталған оқиға Әбдіғаппаровтың қарт ата-анасының денсаулығына кері әсерін тигізгенін айтады.

Айта кетсек, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қаласы мен Алматы облысында күдікті тұлғалар тобының рейдерлік шабуылдар жасағаны туралы 4 дерек бойынша іс қозғады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі