Таразда Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім бастығы сотталды

Сурет: freepik
Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім бастығы Ержан Шымырқұлов бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бағлан Абдухаликов пен Ақмарал Баймұханова адамдар тобымен пара бергені үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Марат Байжанов пара бергені үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып («ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының негізінде залал келтіруге әкеп соқпаған ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін Марат Байжанов негізгі жазадан босатылды), барлығы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өткен жылдың қараша және желтоқсан айларында Шымырқұлов Байжановтан және Абдухаликов пен Баймұхановадан салық төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындамауға ықпал еткені үшін 90 000 теңге және 1 250 000 теңге көлемінде бірнеше рет пара алған.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті