Испанияда аптап ыстық салдарынан 500-ден астам адам көз жұмды

Сурет: pixabay
Испанияда он күндік аптап ыстық кезінде 500-ден астам адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Испания премьер-министрі Педро Санчестің мәлімдемесі público газетінде жарияланды.

Оның айтуынша, Испанияда ауа температурасы өте жоғары +45°C-ді көрсетіп тұр. Бақилық болушылар, негізінен 85 жастан асқан адамдар.

Үкімет басшысы 20 шілдеде табиғи өрт өршіп тұрған Сарагоса провинциясында орналасқан Атека қаласында болды. Онда өрт 6 мың гектарға жуық аумақты қамтыды, бірнеше муниципалитеттен адамдарды эвакуациялауға тура келді.

Бұған дейін жергілікті БАҚ соңғы 10 күнде Испаниядағы табиғи өрттен 60 мың гектарға жуық орман ағаштары жойылғанын, жыл басынан бері 70 мың гектар аумақ зардап шеккенін хабарлаған. Осы жағынан алғанда, 2022 жылы елдегі өрттің саны соңғы онжылдықта тіркелгендердің орташа деңгейінен екі есе көп екенін көрсетті. Сондай-ақ өрт салдарынан екі адам қаза тапты, тағы 15 адам зардап шекті.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Президент 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларын марапаттады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді