Алматылық алаяқ тұрғындарды арнайы жабдықты арзанға сатамын деп алдаған

Арнайы жабдықты арзан бағада алмақ болған алматылықтар 55 жастағы алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Арнайы жабдықты арзан бағаға сатып алғысы келетіндердің бар екенін біліп, алаяқтық жолмен ақша алуды көздеп, қылмыстық жоспар құрып, соған сәйкес халық арасында шарт жасау арқылы арнайы жабдықты беремін деп жалған ақпарат таратқан. Сонымен қатар арнайы жабдықты бергені үшін алдын ала төлемнің 20%-ын талап еткен. Шынында әйелдің арнайы жабдықпен қамтамасыз етуге нақты мүмкіндігі жоқ. Ол тұрғындарды осылайша әдейі адастырған. Ақшаны алғаннан кейін К. есімді азаматша жасырынып қалған, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Медеу аудандық Полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне 55 жастағы К. есімді азаматшаға қатысты қылмыстық іс тіркелді.

Қазір жалпы қала бойынша алматылықтардың осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Осы адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтар Медеу аудандық ПБ-ға мына телефон нөмірлері арқылы: 8 (727) 254-48-02;  8-702-476-66-60 хабарласа алады.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: