«ҚазАзот» зауытындағы апат: цехтың шатыры опырылып түскен

Сурет: kazazot.kz
Ақтауда "ҚазАзот"АҚ цехының шатыры опырылып құлады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының мәліметінше, 25-інші шілдеге қараған түні "ҚазАзот" АҚ орналасқан аумақтан жарылысқа ұқсас қатты дыбыс шыққан. Бұл туралы қала тұрғындары хабарлады.

"ҚазАзот" АҚ баспасөз қызметі кәсіпорындағы күрделі минералды тыңайтқыштар өндіру цехы (ПСМУ) ғимаратының шатыры ішінара бүлінгенін нақтылады.

Оқыс оқиға 24 шілдеде сағат 05:20-да орын алған. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты, атап айтқанда, соңғы екі аптада аптап ыстықтың болуы, нөсер жаңбырдың жаууы, сондай-ақ оқиға орын алған күнгі найзағай жарқылдап, қатты жел тұруы салдарынан ғимарат шатыры ішінара бүлінді. Технологиялық жабдықтар зардап шеккен жоқ. Оқиға орынын "Жалын" Өрт сөндіруші" ЖШС авариялық-құтқару қызметі тексерді. "ҚазАзот" АҚ баспасөз қызметі

Қауіпті аймақ қоршалғаны айтылады. Жұмысшыларға ішке кіруге тыйым салынған. Кәсіпорын қызметкерлері мен халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?