Елордада анасы жекеменшік балабақшаға бір айға тастап кеткен бала көз жұмды

Сурет: Zakon.kz
Аталған қайғылы оқиға 2022 жылы сәуір айында орын алды. Ал 6 тамызда сот әйелдің екінші қызына қатысты ата-ана құқығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Cұлтан қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Нұр-Cұлтан қаласының білім басқармасы" ММ-нің К-ға қарсы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Мемлекеттік мекеме әйелді үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан айырып, одан алимент өндіруді талап етті.

Талап жауапқа тартылушының кіші қызын рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген үйдегі жекеменшік балабақшаға тәулік бойына беруіне негізделген. Балабақша үшін әйел ақы төлемеген, қызына бір айдан астам уақыт төбесін көрсетпеген. Ал үлкен қызы бұл кезде әжесінің қолында болған.

2022 жылдың сәуірінде үйдегі жекеменшік балабақшада болған кіші қызы көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары қолға алынды. Баланың денесінде көптеген жарақат анықталды.

Сот шешімімен К-ның үлкен қызына қатысты ата-ана құқығына шектеу қойылды, болашақ тағдырын анықтау үшін бала "Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы" ММ-ға берілді. Анадан алимент өндіріп алынды. Нұр-Сұлтан қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды