«Темекісін сөндірмеген». ШҚО-да өрт сөндірушілер өртке түрткі ер адамды құтқарды

Сурет: Instagram/shygysqaz_tjd
ШҚО-да өрт сөндірушілер көпқабатты тұрғын үй тұрғындарын эвакуациялап, өртке түрткі ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төрт қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірі отқа оранған. Өрт сөндіру бөлімінің құрамы оқиға орнына келіп жеткенде пәтер ішіндегі жиһаздардың ағашы мен қалың төсеме көрпені от шалғанын анықтады. 10 тұрғын өз бетімен сыртқа шыққан.

Өрт сөндірушілер түтін басқан аумақтан тағы 3 тұрғынды алып шықты.

Қызыл жалын 1 шаршы метр алаңды жалмаған.

ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өрт шыққан пәтерден 1966 жылғы ер адамды құтқарды. Апатты медицина орталығының дәрігерлері оны тексеріп, жанғыш заттардан улану дерегі расталмады.

Белгілі болғандай, ол темекісін сөндірмей төсекте ұйықтап кеткен.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді