Алматыда өрт сөндірушілер 14 жастағы қызды өрттен құтқарды

Сурет: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Алматының Жетісу ауданында өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден 14 жастағы қызды аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
18 тамызда таңғы сағат 7: 59-да Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 101 пультіне Жетісу ауданы Венецианов көшесі, 65 үй мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру жасақтары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді. Мамандандырылған жасақтың бірінші бөлімшелері 4 минутта жеткен сәтте жалпы ауданы 80 шаршы метр шарпыған жеке тұрғын үйге жапсарлас мансардты үй-жайдың төбесі ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Куәгерлер үйде ешікм жоқ екенін айтқанмен, өрт сөндірушілер 2008 жылы туған қызды тапты.

Өрт-сөндірушілер авариялық құтқару құралдарымен есікті ашып, жасөспірімді қауіпсіз жерге шығарып, келген жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Өрт 19 минут ішінде ауыздықталып, 08:36-да толығымен сөндірілді

Өртті сөндіруге 9 бірлік техника, жеке құрамнан 36 адам жұмылдырылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі