Жамбыл облысында ағайынды екі бала жүріп келе жатқан пойыздан секіріп кетті

Сурет: pixabay
Жамбыл облысындағы кәмелетке толмаған ағайындылар көрші ауылдағы әкесіне бармақ болып, жүк пойызының соңғы вагонына мініп, кейін секіріп түскен. Қазір екі бала ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 29 тамыз күні кешкі уақытта болған.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүріп бара жатқан жүк пойызындағы балаларды шопан байқап, полицияға хабарлаған.

Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 9 жастағы бала Билекөл ауылының маңынан, ал оның 7 жастағы інісі Жұма станциясының маңынан табылды. Балалар ауруханаға жатқызылды.
Көліктегі полиция депарматентінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәлімдеуінше, балалар Жамбыл облысы Тамды ауылындағы әжесінің үйінде болған.

Қараусыз қалған балалар көрші ауылда тұратын әкесіне баруды ұйғарған. Сол үшін вокзалда балалар жүк пойызының соңғы вагонына мініп алған. Пойыз жылдамдығын арттыра бергенде, балалар қорқып, Жұма станциясының маңында секіріп кеткен. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі (Темір жол қозғалысы қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді