Ильин Қостанай облысындағы апат жайлы: Өрттің негізгі ошақтары сөндірілді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өңірдегі табиғи өртке байланысты жағдайды баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрттің негізгі ошақтары сөндірілді. Жұмысты күшейтіп, жалғастырып жатқан жалғыз учаске - Бағаналы ауылының аумағы. Ауылдың өзіне қауіп төніп тұрған жоқ. Әрине, көп нәрсе ауа райына байланысты, "тосын сый" болса қиын, өйткені, мысалы ертең жел екпіні 28 м/с дейін күшейеді деп болжанады (...). Өз кезегінде бұл өрттің қайта бас көтеруіне ықпал етуі мүмкін, бықсып жатқан жерлер бар ғой себебі. Штаб өз жұмысын жалғастырып жатыр, әзірге өрт толықтай ауыздықталды деп қадап айтпаймыз. Юрий Ильин

2 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман алқабы өртенді.

Өңірде өрт осымен бесінші күн сөндірілуде. Қызыл жалынмен 2 мыңнан астам адам мен 250-ден астам техника күресіп жатыр.

ҚР ТЖМ басшысы Юрий Ильиннің айтуынша, өрт алдағы екі күн ішінде толықтай ауыздықталып қалады.

Қостанай
Ильин Юрий

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары: ережелер жаңартылды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Құламбаева WTA 250 турнирлерінде екінші апта қатарынан жартылай финалға шықты