Павлодарда сегізінші қабаттан құлап, ауруханаға түскен екі жасар бала көз жұмды

Сурет: pexels
Екі жасар сәбидің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда, өкінішке қарай бүлдіршіннің жүрегі тоқтап қалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көп қабатты тұрғын үйдің 8-қабатынан құлап кеткен 2020 жылы дүниеге келген сәбидің жүрегі бүгін сағат 21.00-де тоқтады. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қала алмадық, делінген хабарламада.

Айта кетсек, оқыс жағдай М.Жүсіп көшесі, 270-үй алдында орын алды. Екі жасар бүлдіршіннің құлағаны туралы қоңырау жедел байланыс желісіне 6 қыркүйек күні сағат 11:17-де келіп түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі 4 минутта шұғыл жетті. Бала Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне  түсті .

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты