Қарағанды облысында барлық дала өрті толықтай ауыздықталды

Қарағанды облысында өрт сөндірушілер табиғи өрттердің барлық ошағының көзін жойды. 10 қыркүйекте жағдай тұрақтанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, 1-8 қыркүйек аралығында сынап бағанының тым жоғарлауына байланысты өңірде күрделі өрт қаупі жағдайы туды.

Бұқар Жырау, Шет, Қарқаралы, Нұра және Ақтоғай аудандарының аумағында табиғи өрт пен от тұтану бойынша көптеген дерек тіркелді.

20 м/с дейін қатты жылдамдықпен соққан жел екпіні мен күрделі рельеф, яғни таулы жердің болуы жағдайды қиындата түсті. Шұғыл қабылданған әрекеттердің арқасында барлық өрт ошақтары жойылды, деп атап өтті облыстық ТЖД.

Сурет: Қарағанды облысының ТЖД

Сурет: Қарағанды облысының ТЖД

Сондай-ақ өртті сөндіруге ерік білдірген волонтерлар мен жергілікті тұрғындар қатарынан арнайы топтар құрылды.

Сурет: Қарағанды облысының ТЖД

Сурет: Қарағанды облысының ТЖД

Өртті сөндіруге 1 100 адам және 358 техника жұмылдырылды. Оның ішінде 133 адам және 36 техника Қарағанды облысы ТЖД-ға тиесілі.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды.

Қарағанды
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: