Риддерде зейнеткердің үйінен оқ-дәрілер табылды

Сурет: ШҚО Полиция департаменті
Риддер қаласының 62 жастағы тұрғыны үйінде тұтас оқ-дәрі қоймасын ұстаған. Полицейлердің Zakon.kz сайтына хабарлауынша, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған азамат полицияға арсеналды күйеуі қайтыс болғаннан кейін алғанын айтқан. Алайда агенттіктің мәліметінше, күдікті де, оның марқұм күйеуі де дерекқорда қару иелерінің тізімінде жоқ.

Тәртіп сақшылары веранданың қойма бөлмесінен 5,6 мм калибрлі 703 патрон, 37 дана 20 мм шолақ мылтық патрондары, жеті жәшік мылтық, үш қап оқ, сонымен қатар қарудың тұмсығы мен іске қосу механизмін тапты.ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Зейнеткерге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 3-бөлігі "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.ШҚО ПД баспасөз қызметі

Осы баптың санкциясы бойынша күдікті бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты