Алаяқтар салық төлеу туралы жалған хабарламалар жібере бастады

Сурет: pexels
Мемлекеттік кірістер комитеті банктің мобильді қосымшалары арқылы пайдаланушыларға мүлік және көлік салығын төлеу қажеттігі туралы жалған хабарламалар жіберумен байланысты алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитет хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы, салық төлеушінің жеке кабинетіне электрондық тәсілмен, мобильдік қосымша арқылы электрондық тәсілмен жіберілетінін атап өтті.

Фейк хабарламаны қалай анықтаймыз

Мыналарға назар аударыңыз:

Есептелген салық сомасын kgd.gov.kz сайтында және E-salyq Azamat мобильді қосымшасында "Алдағы төлемдер" сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады;

Салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін e-Salyq Azamat (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады.

Салық органының барлық есептеулері және төленген салық сомалары салық төлеушінің дербес шотында көрсетіледі. Осыған байланысты, анықтамалық ақпарат алу үшін жеке тұлғалар Бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша жүгіне алады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды