"YDD corporation" ЖШС Ерлан Нығматулиннің қамауға алынғаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Сурет: YDD corporation
"YDD corporation" компаниясы Ерлан Нығматулиннің қамауға алынғаны туралы кейбір БАҚ пен желі парақшаларында жарияланған ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кейбір желі парақшаларында Ерлан Нығматулиннің тұтқындалғаны туралы хабарлама тарап жатыр, өз кезегімізде бұл ақпарат жалған екенін хабарлаймыз "YDD corporation" компаниясының баспасөз қызметі

Сондай-ақ компания азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін көрінеу жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабында көзделген қылмыстық жауапкершілік бойынша қудалауға әкеліп соқтыратынын еске салады.

"YDD Corporation" ЖШС - Қарағанды ферроқорытпа зауыты. Ерлан Нығматулин зауыттың акционері болып табылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты