Мемлекеттік орган өкілдер әлеуметтік желідегі жазба қоғамдық резонанс тудырғаннан кейін жағдайы мүшкіл қарияға келіп жеткен. Ең алдымен, "VITA" іздеу отрядына адам шошырлық жағдайда өмір сүріп жатқан жалғызбасты әжей туралы көршілері айтып берген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Олар қарияның пәтерін тарақан мен бүргі басып кеткенін, ол жақтан жаман сасық иіс шығатынын айтып, шағымданды. Балалары қайтыс болған, немерелері балалар үйіне орналастырылған, құжаттары жоғалып қалған. Жарық жоқ. Күні бойы еденде жатады. Қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Екатерина Кудрявцева
Облыстың денсаулық сақтау басқармасы қазіргі таңда зейнеткердің №1 қалалық аурухананың терапия бөліміне жатқызылғанын және барлық тиісті зерттеулерден өткенін хабарлады. Одан кейін әжейді хосписке орналастыру мәселесі қарастырылады.
Дәрігерлер Валентина Рыжихтың физикалық және моральдік жағдайын қарап шыққанан кейін ем тағайындайды.
Сол уақытта пәтері жәндіктерден тазартылып, ретке келтіріледі, - деп толықтырды Павлодарлық әлеуметтік қорғаушылар.
Айта кетсек, Валентина Рыжих жесір қалған, ұлы екі жыл бұрын қайтыс болған. Әйел зейнетақы алмайды, барлық құжаттары жоғалып қалған, электр қуаты ақша төлемегені үшін өшірілген. Қарияның құжаттарын реттеумен полиция айналысып жатыр.