ҚТЖ "Қызылорда-Семей" пойызындағы өртке байланысты тергеу жүргізеді

Сурет: Көліктегі ПД
8 қазанда Жамбыл облысында жолаушылар пойызы өртенді. Осы оқыс оқиғаға байланысты тергеу жүргізу үшін "ҚТЖ "ҰК" АҚ комиссия құрды, деп хабарлайды Zakon.kz.

8 қазанда сағат 2:35-те №22 "Қызылорда-Семей" жолаушылар пойызы вагонында туындаған өртке байланысты Түлкібас-Тараз учаскесінде шұғыл аялдама жасады. Жолаушылар арасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Вагонның бес купесінде шарпыған от өрт сөндіру қызметтері мен пойыз бригадасы қызметкерлерінің бірлескен жедел әрекеттерімен сөндірілді. 

Вагоннан жолаушылар пойыз құрамында бос орындарға отырғызылды. Пойыз сағат 6-дан 6 минут өткенде жолға шықты, делінген ресми хабарламада.

Тексеріс жүргізу үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да комиссия құрылды. 

8 қазанда сағат 02.45-те Көліктегі полицияға Жамбыл облысындағы "Бурный - Сұрым" өткелінде Қызылорда - Семей бағытындағы жолаушылар поезының электрқондырғы бөлмесінде өрт болғаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды