Түркістанда мас адам шөп тиелген жүк көлігін өртеп жіберді

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында мас адам біреудің шөп тиелген жүк көлігіне от қойып, жанғанын қарап отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департматентінің мәлімдеуінше, 8 қазан күні сағат 21.50 шамасында кезекші бөлімге ауыл көшелерінің бірінде шөп тиелген ГАЗ 53 жүк көлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері жіберілді.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, белгісіз біреу Бәйдібек ауданының тұрғынына тиесілі 280 пресі бар жүк көлігін өртеп жіберген. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 6 миллион теңге.

Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында полицейлер куәлардан жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді. Бейнебақылау жазбасынан ер адам жүк көлігіне келіп, от қойғаны анықталды. Мұнан соң ол орындыққа отырып, өртті бақылаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде Сайрам ауданының тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, ер адам мас күйінде белгісіз себептермен жәбірленушінің көлігін өртеп жіберген.

Қазіргі уақытта бұл жайт ҚР ҚК-нің 202-бабы (“Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру”) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр Күдікті қамауға алынды.ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады