Тәуелсіз экологтар Каспий суының қызаруына қатысты ресми жауапқа күмәнмен қарайды

Сурет: pixabay
Экологтарға Ақтау тұрғындары видео жолдады, онда арнайы жүргізілген арна арқылы Каспий теңізіне тот басқан қоңыр түсті су құйылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Эко-Маңғыстау" үкіметтік емес ұйымының басшысы Кирилл Осин Ақтауда теңіз жағалауындағы су түсінің өзгеруіне қоңыр балдырлар себеп деп санамайды.

Маған қала тұрғындары видео жіберді. Мен оны өз кезегімде облыстың экология департаментіне жолдадым. Ағып жатқан бұл қандай су және оған кім жауапты екенін анықтау керек, - деді Кирилл Осин.

Негізінен, бұл арнаға Маңғыстау атом энергетикалық комбинатынан (МАЭК) шығатын су келіп түседі, бірақ МАЭК видеодағы оқиғаға еш қатысы жоқ екендерін айтып, басын ала қашып отыр. Кәсіпорында ЖЭО-1-ден таза су ағатынын хабарлады. Дәлел ретінде олар тиісті бейне жазбаны ұсынды.

Облыстың Экология департаменті Zakon.kz тілшісіне су сынамаларын алу үшін оқиға орнына мамандар жіберілгенін жеткізді.

Ол арада қазірдің өзінде мамандар жұмыс істеп жатыр, – деді Маңғыстау облысының Экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов.

2022 жылдың 11 қазанында кешке Руслан Төкенов Каспийдегі судың қызаруына қатысты берген түсініктемесінде бұл теңіздегі қоңыр балдырлардың салдарынан осындай біртүрлі түс қалыптасқан деп болжады. Балдырлар суға осындай қызыл реңк береді екен.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты