Атырауда "бомба қойылды" деген хабардан кейін мектептен 800 оқушы мен 70 мұғалім эвакуацияланды

Сурет: видеодан скриншот
Атырауда №2 мектеп директорына білім ошағында "жарылғыш зат бар екені" туралы хабарлама келген. Бұл туралы ол "102" операторына айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері мектептен 800-ге жуық оқушы мен 70 мұғалімді эвакуациялағанын атап өтті.

№2 мектеп ғимаратынан жарылғыш зат табылмады. Қазір хабарламаның иесін анықтау жүргізіліп жатыр.Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Облыстық полиция департаменті хабарламаны айтқан адам лаңкестік актісі туралы жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексi 273-бабы бойынша жазаланатынын еске салды.

19 қыркүйекте Ішкі істер министрлігі Экстремизмге қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев кәмелетке толмағандардың объектілерді "бомбалаған" фактілері туралы айтты. Ол кейінгі кездері Астана мен Алматыда, еліміздің жекелеген аймақтарында ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, әуежайлар, мектептер, сот ғимараттары, тіпті ауруханалар бірнеше рет белгісіз біреулердің анонимді шабуылдарына ұшырағанын еске салды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді