Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, контробандалық әрекетті 2022 жылғы 12 қазанда Алматы қаласы бойынша МКД "Жетісу" кеден бекетінің лауазымды тұлғалары Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасымен және Алматы шекара қызметімен бірлесіп анықтаған.
Ұсталған 70 дана тауар уақытша сақтау қоймасына ауыстырылды және материалдар ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабына сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі
Ведомство Алматы халықаралық әуежайының жолаушылар терминалында кедендік бақылаудың күшейтілгенін хабарлады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 "жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы" шешіміне сәйкес, жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды жатқызу критерийлері бойынша, бір тұлғаға екі талдан аспайтын ұялы телефондарды әкелу рұқсат етіледі.ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі