Полиция Рамиль Мухоряповпен болған оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр

Сурет: Instagram/rrm777
27 қазанда ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Чиндалиев Рамиль Мухоряповқа қатысты оқиға бойынша Алматы полиция департаментінде тергеу жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әсейіт Чиндалиев алдағы уақытта сараптама қорытындысы бойынша шешім қабылданатынын атап өтті.

20 қазанда Chocolife басшысы Рамиль Мухоряповтың Ресейден келген адамдармен кездесуінде айтқан мәлімдемесі қазақстандықтарды қатты ашуландырды. Бір қыз жиналғандарға орысша емес, қазақша қызмет көрсетсе, бұл агрессия емес екенін түсіндірді. Ол мұндай жағдайларға түсіністікпен және құрметпен қарауды сұрады. Жауап ретінде Мухоряпов оған егер бұл жағдай оның басынан өтсе, "адам орыс тілін шынымен білмейтін" жағдайларды қоспағанда, "жеке қатты мұңаятынын" айтты.

Себебі, маған бұл әлі де біртүрлі болып көрінеді. Аздап ұлтшылдықтың көрінісі. Оны қабылдауға болады, бірақ бұл үлкен мәдениеттен емес, - деді Мухоряпов.

Осыдан кейін қазақстандықтар одан кешірім сұрауды талап ете бастады. Кейінірек Рамиль Мухоряпов кешірім сұрап, видео жариялады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді