Құлсарыда балабақшаны ойрандаған оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынды

Сурет: видеодан алынды
Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты Құлсары қаласындағы балабақшаны қиратқан мектеп оқушыларының ата-аналарына айыппұл салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, оқыс оқиға қазан айының басында орын алып, оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Жылыой ауданының полицейлері 6-7-сыныптың алты оқушысының жергілікті балабақшаға кіргенін, есіктің әйнегін сындырып, гүлдерді, жиһаздарды, ойыншықтарды шашып, өрт сөндіргіштерді лақтырғанын анықтады.

Салдарынан жасөспірімдердің ата-аналары "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін" (ӘҚБтК-нің 127-бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Ақ Жайық" басылымының хабарлауынша, ата-аналар балаларының кінәсін мойындап, ең төменгі айыппұл тағайындауды сұраған.

Кінәні мойындаған кезде сот әкімшілік айыппұл сомасын 30%-ға азайтуға құқылы. Сот құқық бұзушылықтың сипатын, заңды өкілдерінің жеке басын, олардың құқық бұзушылық жасалғанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оларға 21 441 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі