Астана өрт сөндірушілер отқа оранған тұрғын үй кешенінен тоғыз баланы алып шықты

Сурет: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
31 қазанда сағат 17:39-да Мәңгілік ел көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға орнына Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері аттанды, өрттен 13 адам құтқарылды, оның тоғызы - балалар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт 14 қабатты "Айсанам" ТК-нің 7-қабатынан шыққан, қатты түтін будақтады, өйткені пәтерде 40 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаздары отқа оранған.

Сурет: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге елордалық ТЖД-ның жеке құрамынан 20 адам және 5 техника жұмылдырылды.

Сурет: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Елорда ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сағат 18:05-те оқшауланып, 18:10-да толықтай жойылды.

Сурет: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сурет: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды