Елордада түзеу мекемесіне есірткі затын алып кірмек болған жас жігіт ұсталды

Сурет: Zakon.kz
ҚАЖ Департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу кезінде мекеме аумағына аяқ киіміне есірткі жасырып кірмек болған 20 жастағы Астана тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, күдікті мекеме аумағының өнеркәсіптік аймағында орналасқан зауытқа тапсырыс беруге барған.

Жігіттің жымысқы әрекеті түрме аумағына кіргізудің алдында қызметкелер тексерген кезде әшкере болды.

Тексеру барысында он аяқ киімінен политендік пакет табылып ішінен сұрғылт-жасыл түсті ерекше исі бар зат табылған. Жүргізілген сараптама жұмыстарының нәтижесінде аталған зат "гашиш" есірткісы болып шықты.Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Қазір жас жігітке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр,  бұл іс әркеттері үшін бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қолдануы мүмкін.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды