Боранға байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолы жүк көліктері үшін жабылды

Сурет: Ақмола облысы ПД
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Жамбыл облысы және Түркістан өңіріндегі бірнеше жол учаскесі жүк көліктері үшін жабылды. Ал жеңіл автокөліктерді полиция органдары көлігі сүйемелдеп, бірге алып жүретіні де айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінудің шектелуі) Жамбыл өңірі бойынша "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолының 536-593 шақырымы аралығы (Айша-бибі ауылы мен Түркістан өңірі шекарасы арасындағы учаске) және Түркістан өңірі бойынша 593-652 шақырымы аралығы (Жамбыл өңірі шекарасы мен Машат ауылының арасы) жүк көліктері үшін жабық."Қазавтожол" АҚ баспасөз қызметі

Аталған жол учаскелерінде жеңіл автокөліктер арнайы жол техникасының және полиция органдары көлігінің сүйемелдеуімен бірге жүретіні де айтылады. Қазіргі уақытта жолды қыста күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 35 жол маманы және 25 арнайы техника жұмылдырылды.

Айта кетсек, 16 қарашада желіде Алматы – Тараз тас жолын қалың қар басқан видеосы тарады. "ҚазАвтоЖол" Zakon.kz тілшісіне ауа райының қолайсыздығына бола жол жабылмайтынын, ондай жоспар жоқ екенін жеткізді.

Тараз
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді