Видео авторының айтуынша, телеарна қызметкерлері тұрғын үйдің барлық тұрғындары осындай жылытқыш құрылғылары алғаны туралы айтып, подъезде тұрып репортаж жасаған. Ол репортаж түсірілген тұрғын үйдің барлық тұрғындары әлі де жылусыз әрі ыстық сусыз отырғанын атап өтті. Aл енді "құрылғыларсыз" да қалды, - дейді ол.
"Еуразия" Бірінші арнасының баспасөз қызметі бұл ақпаратқа түсініктеме берді:
"Еуразияның Бірінші арнасының журналистері басқа телеарналардың журналистері сияқты шынымен де видеода түскен тұрғын үйдің жанында болып, сюжет түсірді, бірақ ол мүлдем басқа тақырыпта болған".
Түсірген сюжеттері мынау:
Әлеуметтік желіде тараған видео түсіріліп жатқанда біздің арнаның түсірілімі тобы оқиға орнынан әлдеқашан кетіп қалған.
Баспасөз қызметі атап өткендей, "Еуразия" Бірінші арнасының түсірілім тобын оңай тануға болады: микрофон мен телекамераларында бренд таңбаланған. Алайда, әлеуметтік желіде кеңінен тараған видеода оны байқамайсыз.
Оның үстіне видео авторы "Еуразия журналисті" деп атаған оператор иығына фотокамера іліп алған.
"Біздің операторлар фотокамералармен жұмыс істемейді, ал түсірілім штатив арқылы түсіріледі, ал ол онда жоқ". "Еуразия" Бірінші арнасының баспасөз қызметі
Сурет: видеодан алынды
Арнаның баспасөз қызметі әріптестерінен ақпаратты мұқият тексеруді және фейк ақпаратты бөліспеуді сұрайды.