Бұл видеоға жергілікті полиция қызметкерлері мен жедел бөлімшелер назар аударды Нәтижесінде құқық бұзушылардың бәрі анықталды. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты.
"Жүргізушілерге қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің үш бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды: 203-бап "сақтандыруды бұзу", 602-бап " көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық аспаптары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану, авариялық дабылды қолдану қағидаларын бұзуы" және 603-бап "көлік құралына арнайы жарық және дыбыстық сигналдарды беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу". Үш "Toyota Camry-70" көлігі айып тұрағына қамалды. Жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жіберілді", - делінген Шымкент Полиция дкпартаментінің хабарламасында..
Сонымен қатар полицейлер жүргізушілердің бірінен ПМ тапаншасын тәркіледі. Ер адам бұрын дүкеннен тапанша сатып алғаны анықталды, бірақ ол полицияға тіркелмеген. Оған қатысты полицейлер қосымша бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық бойынша, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 436-бабы, 437-бабы "Тыныштықты бұзу” және 482- бабы "жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алуы, беруі,өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы" бойынша іс жүргізді.
Шымкент полициясы жолаушылардың барлығын жол қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.