Семейдегі ЖЭО-1-дің жұмысы қалпына келтірілді

Сурет: Facebook/ҚР ТЖМ
Семей қаласында көмір беру жүйесі істен шыққан жылу электр орталығының жұмысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Семей қаласындағы ЖЭО-1-дегі өртенген электр сымдарын ауыстыру жұмыстары сағат 22-30-да аяқталды. Соған сәйкес, қазандық агрегаттарына қатты отынды жеткізуші жүйенің жұмысы қалпына келді. Көмірді қолмен тасыған әскерилер өздерінің тұрақты әскери бөлімдеріне оралды. ҚР ТЖМ баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов


Бұл мәліметті қалалық әкімдік те растады.

ТЭЦ-1 жұмысы қалыпқа келтірілді. Қалыпқа келтіру жұмыстарына 100-ден астам Төтенше жағдай қызметінің мамандары мен әскерилер жұмылдырылды. Сонымен қатар, Семей қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімі мамандары жұмыстар атқарды. Соның арқасында қаланың сол жағалауының тең жартысын жылумен қамтитын нысан жұмысын тоқтатқан жоқ. Дәл қазір жылу қуаты артты. Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жылу кезең-кезеңімен беріледі. 1-ші Жылу энергия орталығындағы жағдайды Семей қаласының әкімдігі мен облыс әкімдігінің өкілдері бақылауда ұстады.

Айта кетсек, 15 желтоқсанға қараған түні Семейдегі №1 жылу электр станциясында өрт шықты. Құтқарушылар мен әскери қызметшілер ЖЭО жұмысын тоқтатпай, көмірді қолмен тасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты