ШҚО-да 3 балықшы боранның салдарынан көлігіне өздігінен жете алмаған

Cурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы "Сібе" көлінен "112" қызметіне шақырту түскен. 3 балықшы қолайсыз ауа райынан көліктеріне өздігінен жете алмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оларды балық аулаған жердегі түтек боран тығырыққа тіреген. Оқиға орнына келген Ұлан ауданының ТЖ, 13-өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері сол жерге жаяу барып, үш адамды көл жағасына, олардың көлігіне жеткізген.

Қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы Бозанбай ауылына дейін еріп жүрді.

ШҚО ТЖД азаматтарды дауылдың алдын алу, жел мен боран соғатыны туралы хабардар еткен. Құтқарушылар тұрғындардан тәуекелге бармауды және маршруттың қауіпсіздігіне көз жеткізіп, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды, мұздың қалыңдығы кемінде 10 см мұзға жеткенде ғана шығуды ескертеді.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады