Қандай шетелдік фильмдер мен мультфильмдер қазақ тіліне аударылады

Сурет: pixabay
Мәдениет және спорт министрлігі қазақ тіліне дубляж жасау үшін республика аумағына әкелінетін балаларға арналған анимациялық фильмдер мен отбасылық көруге арналған фильмдерді іріктеу ережесін әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өнімдерді іріктеуді Ұлттық кинематографияны қолдаудың мемлекеттік орталығы жүргізеді.

Дубляжға арналған фильмдерді іріктеу келесі кезеңдерден тұрады:

Алдын ала іріктеу орталықтың интернет-ресурсында уәкілетті пайдаланушылардың дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады. Жеңімпаз фильмдерді бірқатар инстанциялар – сараптамалық кеңес және кино саласын мемлекеттік қолдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия үйлестіруде.

Олардың оң қорытындысы бойынша уәкілетті орган фильмдерді қазақ тіліне дубляждау үшін қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.

Бұл ретте, отбасылық көру үшін әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен фильмдерді қазақ тіліне дубляждауға қосымша бюджет қаражаты бөлінген жағдайда орталық қосымша конкурстық іріктеу жариялайтыны көрсетілген.

Құжат 30 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Ғалымдар құны алтыннан да қымбат болатын сирек кездесетін минералды тапты

Қазақстандық альпинист Конституция мен домбыраны Памир шыңына алып шығып, патриотизмді паш етті

31 шілдеде елдің басым бөлігі аптап ыстықтың құрсауында болады