Алматы тұрғынынан кокаин тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
31 жастағы Алматы тұрғыны кокаин таратумен айналысқан. Ол үйінің жанында есірткіні жасырған. Сол жерде оны полиция құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Г.есімді азамат есірткі айналымымен жақында айналысқанын айта бастады. Оның айтуынша, жұмысты бейтаныс адам ұсынған. Байланыс тек мобильді мессенджер арқылы жүргізілген. Ұсталған сәтте күдіктіден ақ түсті ұнтақ заты бар 10 бума табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама оның ірі кокаин партиясы екенін көрсетті. Есірткі сатушының әрекеті ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен квалификацияланған. Ол қамауға алынды, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.

Шаһарға есірткі жеткізу арнасын Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері анықтап жатыр, деп жазады polisia.kz.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

Тибетте қатты жер сілкінісі болды