Ұлытау облысында құтқарушылар жоғалып кеткен үш қойшыны іздеп тапты

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
2022 жылғы 21 желтоқсанда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданының "Бірлік" шаруа қожалығынан 3 адам өрістегі малды іздеуге шығып, байланысқа шықпаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың сол күні кешкі сағат 20:30-да жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

"Сағат 22:20-да қыстаққа Жаңаарқа ауданының №6 ӨСБ №5 борты келді, құрамында 5 адам бар. ТЖМ қызметкерлері келгенге дейін қыстақтан шаруа қожалығы қызметкерлерінің күшімен қойшының екеуі табылды. Қызметкерлердің айтуынша, адамдар зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес". ТЖМ

Тағы бір шопанды іздеу жалғасып, сағат 00:15-те Жаңаарқа ауданы ТЖБ инженері байланысқа шығып, 3-ші қойшы Қараш қыстауының жанында табылғанын хабарлады. Ол "Бірлік" шаруа қожалығының орналасқан жеріне эвакуацияланды.

Ұлытау облысы ТЖД азаматтарды алыс жолға шыққан кезде ауа райы жағдайымен танысуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға үндеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды