Астанада бесінші сынып оқушысы мектеп фойесінде петарда жарып жіберді

Сурет: pexels
Елордада кәмелетке толмаған 5-сынып оқушысы мектеп фойесінде петарда жарып жіберді. Оқиға 20 желтоқсан күні түс кезінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әміржан Байғошев департаментте өткен брифингте ғимарат ішінде пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға тыйым салынғанын еске салды.


"Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баламен мектеп мұғалімдерінің қатысуымен әңгімелесу барысында оның мектеп маңында орналасқан сауда үйінің бутиктерінің бірінен петарда сатып алғанын анықтап, тауарды сатушыны көрсеткен.Тексеру нәтижесінде сатушының дүкенінен 10 қорап көлеміндегі сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдер табылып, 196-бап бойынша әкімшілік хаттама жасалып, айыппұл салынды", - деді Әміржан Байғошев.

Баяндамашы мектеп оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін атап өтті.

Ол ғимараттар мен үй-жайлардың ішінде пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға, сондай-ақ балалардың ересектердің қатысуынсыз пайдалануға тыйым салынғанын еске салды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты