Atyrau press-тің хабарлауынша, қазір құрылысшылар мен салаға жауаптылар тиісті жұмысты атқарып жатыр.
"Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ашық таныстырылым өтеді", - деді облыс әкімінің орынбасары.
Концерттік залдың іргетасы 2011 жылы Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев кезінде қаланды. Оның құрылысына бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінді. Жұмыс тәулік бойы, белгіленген мерзімнен екі есе бұрын жүргізілді. Алайда 2012 жылы "Снабоилстрой" ЖШС иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, құрылыс тоқтатылды. 2014 жылы облыстық мәслихат құрылысты жалғастыру тиімсіз деген шешім қабылдады.
Темірбетон конструкциялары ескірген, оларды болашақта пайдалануға болмайды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында Атырауда Құрманғазы атындағы дарынды жастарға арналған мәдени-шығармашылық орталығын салуды тапсырған еді.