Marvel жұлдызы Джереми Реннер ауыр халде ауруханада жатыр

Сурет: Twitter/@screenrant
Америкалық актер Джереми Реннер демалыс күндері қар тазалап жүрген кезде апатқа ұшырап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының хабарлауынша, актердың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.

«Біз Джеремидің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты екенін растай аламыз, ол бүгін таңертең қарды тазалау кезінде ауа-райына байланысты апатқа түсіп, жарақат алған», - деді жұлдыздың өкілі.

Оның отбасы жанында екені хабарланды.

51 жастағы актер өнерлік мансабында «The Hurt Locker» және «The City» фильмдеріндегі рөлдері үшін екі рет «Оскар» сыйлығына ұсынылды. Ол Marvel фильмдеріндегі супер қаһарман Клинт Бартон рөлімен және «Миссия: мүмкін емес» франшизасындағы рөлімен кеңінен танымал болды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді