Ташкент-Алматы рейсінің зардап шеккен жолаушылары туралы белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, Air Astana әуе компаниясының КС128 рейсінің бортында болған оқиға салдарынан 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның ішінде 4 жолаушы түрлі көгерген және күйік жарақаттарымен ауруханаға жатқызудан бас тартты. Оларға алғашқы медицина көмегі берілді.

Әуе лайнері Алматыға сағат 16:45-те қонды. Ұшақтың экипажы жолаушыларға алғашқы медицина көмегін берді. Ұшқыштар оқиға туралы әуежай қызметіне хабарлаған. Көмек көрсету үшін жолаушылар жедел жәрдем көлігімен әуежайға жеткізілді.

Жабық мойын омыртқасының сынуы деген күдікпен Өзбекстан азаматы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Азаматтық авиация комитеті рейс жолаушыларына барлық көмек көрсетілетінін айтты. Оқиға дерегі бойынша уәкілетті органдар тексеру жүргізеді, оның нәтижесі кейінірек жарияланады.

2 қаңтар күні Ташкент – Алматы бағыты бойынша әуе кемесінің бортында қатты турбуленттілік орын алды. Ұшақ Астана уақытымен 14:35-те көтерілді. Ұшу кезінде әуе лайнері кенеттен қатты турбуленттілік аймағына құлады. Бес жолаушы зардап шекті, оның төртеуі ауруханаға жатқызудан бас тартты. Қазір бір жолаушы тексеруден өту үшін ауруханада жатыр.

Бұған дейін Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі БАҚ-қа оқиғадан зардап шеккен 7 адам туралы хабарлаған.
Өзбекстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді