Bloomberg: Қытайда COVID-19-дан қайтыс болғандар саны артып, крематорийлер толды

Сурет: pixabay
Қытайда коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсуінен крематорийлер толып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, COVID-19-бен сырқаттанғандар саны күрт өскендіктен, Қытайда желтоқсан айынан бастап коронавирус туралы күнделікті мәлімет жарияланбайтын болды. Қаңтар айында елде өлім-жітім саны 9 мыңнан 25 мыңға артуы мүмкін.

Бейжіңдегі және Шанхайдағы крематорий жұмысшылары COVID-19-дан қайтыс болғандардың мәйітін тәулік бойы жағып жатқанын, кремацияға бос орын қаңтардың ортасынан кейін ғана болатынын айтқан. Жерлеу саласында жұмыс істейтіндердің бірі науқастар саны артқандықтан, "жүйе әлсірегенін" мәлімдеген.

Лунхуадағы крематориилердің біріне  (Шэньчжэнь ауданы) күніне 500-ден астам мәйіт қабылданатыны мәлім болды. Осы жағдайға байланысты Қытайда мәйіттерді кремациялаудың көлеңкелі бизнесі етек алып жатыр. Егер бұған дейін кремация біршама арзан болса, қаңтар айында кейбір крематорийлерде үш күннің ішінде кремациялау 68 мың юань (4,5 млн теңге), ал қайтыс болғаны күні кремациялау 88 мың юань (5,8 млн теңге) деп бағаланды.

Қытайда науқастар санының артуы билік коронавирус шектеулеріне қарсы жаппай наразылықтар кезінде шектеу шараларын жеңілдету туралы шешім қабылдаған соң басталды. Карантинді жеңілдеткеннен кейін көптеген елдер Қытай азаматтарына елге кіру ережелерін қатаңдатты. 


Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады

Ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылып, елге кіруіне бес жылға тыйым салынды