Берік Асылов: Жоғары басшылықты құлату операциясы мұқият жоспарланған болатын

Сурет: Zakon.kz
Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР Бас прокуроры Берік Асылов ҰҚК экс-басшыларына қатысты қылмыстық істің неліктен аса құпия мөрмен тергелгенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Берік Асылов 2022 жылдың қаңтарындағы тәртіпсіздіктердің жаңа мәліметтерін жариялады.

"Қазір біз елдің жоғарғы басшылығын орнынан алу операциясы мұқият жоспарланған деп айта аламыз. Іс жүзінде төңкеріс әрекеті болды. Өйткені оларда мемлекеттік құпиялар болды. Істе сыртқы саясатқа қатысты ақпаратта болды. Қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметі. Оларды жария ету ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін». Берік Асылов

Ол қазір қылмыстық іс сотта қаралып жатқанын еске салды.

"ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Садықұлов мемлекетке опасыздық жасады, билікті күштеп басып алуға және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануға бағытталған әрекеттерге барды деген айыппен сотталды. Экс-депутат Ерғожин билікті күштеп басып алуға және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануға бағытталған әрекеттерді жасады деп айыпталған. Тағы бір бұрынғы депутат Осиповқа, сондай-ақ ҰҚК басқа да басқарма басшыларына өз өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылды". Берік Асылов

Ол қастандық туралы нақты мәліметтерді айтуға құқығы жоқтығына сілтеме жасай отырып, басқа ақпаратты ашпады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды