Түркістан облысында тауда 12 адам жоғалып кетті

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті 5 қаңтар сағат 10:00-де 112 пультіне Бәйдібек ауданы Байжансай тауына екі авто көлікпен жолға шыққан адамдар жоғалғаны туралы хабарлама түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туыстарының айтуынша, жоғалған адамдар соңғы рет 3 қаңтар сағат 16:00-де байланысқа шыққан. Олар 3 қаңтар күні Шымкент қаласына қайтуы керек болған.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары мен өтімділігі жоғары техникасы жұмылдырылды. Ауа райына байланысты тікұшақ жұмылдыру да  жоспарланған.

Бұл ретте Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті дауыл жөніндегі ескертулерге құлақ асу қажет екенін ескертті

"Тауға шықпас бұрын сол аймақтың ауа райымен міндетті түрде танысыңыз. Жақындарыңызға жоспарланған тау бағыты мен қалаға қайту уақытын хабарлаңыз. Бейтаныс жолмен жолды қысқартпаңыз. Сонымен қатар сізде зарядталған телефон мен паурбанк болуы керек. Төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз".Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі




Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады